Он жылдан астам іздеуде болған Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Мәскеуде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Болат Алтынбеков ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдікті фамилиясын өзгерткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық деңгейде іздестірді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.

Ресей
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды