Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасының көзі жойылды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Синтетикалық есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатумен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды