Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 15 жастағы қыз көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте ойын-сауық орталықтарының біріндегі фастфуд дәмханасында 15 жастағы қыз көз жұмды. Ол онда кассир болып жұмыс істеп, еден жуған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz басылымы қыздың жуырда ғана 9 сыныпты бітіріп, аттестат алғанын жазды. Мекемеде ол анасына көмектесу үшін жұмыс істеп, ақша жинап жүрген.

Қайғылы оқиға 3 шілдеде болды. Алдымен туыстарына бойжеткен электр тогынан көз жұмғанын айтқан. Ал қазір дәмхана иелері қыздың өлімі энергетикалық сусыннан болғанын айта бастады.

Бізді олардың айтқандары қайран қалдырды. Олардың айтуынша, таңертең аш қарынға энергетикалық сусын ішіп, жүрегі ауырып, құлаған. Бұл түсініксіз жайт, өйткені бізге бастапқыда электр тогы соққанын айтқан. Онымен бірге жұмыс істеген қыздан сұрадық. Ол кернеу болып, сіңілісінің басынан түтін шыққанын айтты. Жеңішхан Қалыбай, марқұмның ағасы

Анасының айтуынша, қыздың жүрегінде ақау болмаған. Ол әпкесімен бірге жұмыс істеген. Оған жұмыс орнында жоғары кернеу бары ескертіліпті.

Туыстарында сараптаманың алдын ала қорытындысы бар, сарапшылар қызды электр тогынан қайтыс болғанын айтқан. Сараптаманың кесімді қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады