Желіде фейк тарауда: «Дәріханаларда кісі өлтіретін парацетамол сатылып жатыр»

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақстандық дәріханаларда сатылатын «Парацетамол» 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген ақпарат тарады. Мұндай препарат Израильде Палестина нарығына тарату үшін жасалған-мыс, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - фейк. Назар аударарлық жайт, хабарламада суреті ұсынылған дәрі-дәрмектің қаптамасында өндіруші компанияның атауы көрсетілген – Apex. Бұл парацетамол шығаратын үнді фармацевтикалық компаниясы, бірақ оның қауіптілігі туралы хабарланбаған. Бұл парацетамолдың Израильде өндірілмегенін дәлелдейді, яғни хабарламаның басым бөлігі фейк, делінген StopFake.kz хабарламасында.

Бұдан басқа, Израильде шығарылған аса қауіпті «парацетамол» туралы ақпарат желіде көп уақыттан бері әртүрлі вариацияларда таратылып келеді. Ең алғашқы нұсқалардың біріне сәйкес, таблеткаларда улы сым болған екен. Кейіннен ақпаратта израильдік «парацетамолдың» құрамында өте қауіпті мачупо вирусы бар деп жаза бастады.

2017 жылы хабарлама Қазақстанға да жетті. Оны Фармация комитеті жоққа шығарып, мұндай «парацетамол» елімізде жоқ деп мәлімдеді.

«Парацетамол» бес күнде адамды өлтіреді деген ақпарат желіде пандемия басталғалы таралуда. Ол кезде қауіпті дәрі COVID-19 жұқтырған науқастарын емдеу үшін қолданылады деп жазды. Бұл ақпаратты литвалық және украиндық  фактчекерлер бірден жоққа шығарды.

Қорыта айтқанда, 7 күнде өлімге әкелетін «Парацетамол» туралы хабарламалар желіде қайтадан тарала бастаған ескі фейктің модификациясы болып табылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты