Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп берді

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың маусым-шілде айларында полиция органдарымен бірге заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғасында» қолды болған қару-жарақтарды анықтау және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК таратқан мәлімет бойынша, Шымкент және Тараз қалаларында қылмыстық топтар қолға түсіп, олардан 3 тапанша, 2 дана ойық ұңғылы «Сайга» карабині, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, винтовка, сондай-ақ 64 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Алматыдағы «Kamerad» аңшылық дүкенін тонауға қатысы бар тұрғындар ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен 2 дана ойық ұңғылы «Сайга-12С» карабині, пневматикалық қару және 71 дана оқ-дәрі табылды.

Оған қоса, қала маңынан «Калашников» автоматы, 2 тапанша, аңшы мылтығы, «Ф-1» гранатасы, жарылғыш құрылғыларға арналған 8 детонатор және 43 дана оқ-дәрі жасырылған жер анықталды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тараз қаласында 2 «Калашников» автоматы, 10 тапанша, «SHTURM» шабуыл винтовкасы, 3 тегіс ұңғылы мылтық, граната және 476 дана оқ-дәрі жасырылған жерлер табылды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында жасырын жерден «Калашников» автоматы, 4 тапанша, 8 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 12 граната, 464 дана оқ-дәрі және оптикалақ көздеу құралы табылды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Талғар ауданының тұрғындары 2 «Калашников» автоматын, тегіс ұңғылы мылтық, «Ф-1» гранатасын және 180 дана оқ-дәріні заңсыз сақтағандары үшін ұсталды.

Алматыдағы жасырын орыннан 2 «Калашников» автоматы, 2 винчестер, 5 тапанша, 5 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 20 граната және 212 оқ-дәрі алынды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шығыс-Қазақстан облысындағы жасырын жерден «ТОЗ» маркалы аңшы мылтығы, 2 «шолақ мылтық» және 13 дана оқ-дәрі алынды.

Ақтөбе облысы тұрғынының жеке автокөлігін тексеру кезінде аңшы мылтығы мен 6 оқ табылып, тәркіленді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысы тұрғынынан Алматыдағы «Kamerad» аңшылық дүкенінен ұрланған «Derya» MK-10 винтовкасы алынды.

Түркістан облысында револьвер, тегіс ұңғылы мылтық және граната алынды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Заңсыз айналымнан барлығы: 68 бірлік қару, 36 граната, 8 жарылғыш құрылғы, 1 529 дана оқ-дәрі алынды. Заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды іздестіру және алу бойынша шаралар жалғасып жатыр.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды