Шымкентте Аrtsport арқылы ақша ұрлағандар қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар басқарма бақылауындағы фирмалардың көмегімен Аrtsport платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған.

Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында Аrtsport ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі анықталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріледі.

Агенттік соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынғанын мәлімдеді.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты