«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды – ҚР ҚМА

Сурет: Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 шілде күні Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қорытындысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы бойынша аммофосты өткізу кезінде жоғары баға белгілеу арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастады.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

11 шілде күні сағат 20:00-де Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында ауаға түтінді газ тарады.

Артынша компания қала тұрғындарына қауіп төнбегенін хабарлады.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы