Қырғызстанда балабақша қызметкері көлігімен балаларды қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Балабақшада жұмыс істейтін әйел көлігімен алты баланы қағып кетті. Ол көлікті көлеңкеге қоймақ болған. Қайғылы оқиға Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Шумкар» балабақшасының қызметкері 43 жастағы А.А. Лейлек ауданы Жаңа-Жер ауылында жекеменшік Hyundai Getz көлігін көлеңкеге қою үшін балабақша ауласына айдап кіріп, аулада ойнап жүрген алты баланы қағып кетті, – деп мәлімдеді Баткен облысы бойынша ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің өкілі.

Жол апатынан алты баланың үшеуі зардап шекті. Олар 1,5 жаста, екі жаста және бес жаста. Тергеу барысында әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды, деп жазды ria.ru.

Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды