Қарағандыда оқушы қызды ит талады

Сурет: pixabay
Қарағандыда 20 шілдеге қараған түні 14 жастағы оқушы қызды ит қауып алды. Қалалық полицейлер қазір иттің иесін іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желідегі @Патриот Караганды парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

Кенет қараңғыдан қарғыбаусыз дәу ит атып шықты. Ол бірден сіңіліме тап беріп, оның қолын, аяғын, ішін тістелей бастады. Ит оны екі минуттай қинады, – деді ит қапқан қыздың әпкесі Диля.

Оның айтуынша, көмек сұрап айғайлаған қызға куәгерлер барып, итті таяқпен ұрып, бұрыш баллонын қолданған.

Ит қашып кеткен. Дегенмен сәлден кейін ол жас жігіттерге тап беріпті.

Ауруханада жатқанымызда жігіттер келіп, олар да ит қуалағанын айтты. Олар көлікке тығылып үлгерген екен. Ит капотқа секіріп, көліктің алдыңғы әйнегін сындырыпты, – дейді ол.

Қалалық полицейлер жағдайға қатысты түсініктеме беріп, бұған дейін ол ауданда ит қабу фактісі бойынша шағым түспегенін атап өтті.

20 шілде сағат 00:10 шамасында Степная 4 шағын ауданындағы 15/2 үйінің жанында 14 жастағы тұрғынды ит қауып алды. Салдарынан кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінді. Қазір жануардың иесін жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр