«Ақтөбе әкімі лауазымына 1,5 млн доллар сұраған». ҰҚК түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне алаяқтар тобын құрықтауға қатысты тың мәліметтер ұсынды.
Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындау үшін алаяқтар тобы кәсіпкерден 1,5 млн доллар талап еткен. Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық іске еш қатысы жоқ, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Бұған дейін өздерін жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырған алаяқтыққа қатысты бар күдіктілер ұсталғаны хабарланған болатын. Олар 30 млн теңге аванс беру кезінде ұсталды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды