Алматы облысында тас жолды жөндеуге асықпаған мердігер компания жұмыстан шеттетілді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желіде Көкпек – Кеген – Түп тас жолы учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуіне байланысты наразылық білдірген тұрғындардың видеосы жарияланды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұл жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ведомство мәліметінше, жүктелген міндеттемелердің дұрыс орындалмауына байланысты Көкпек – Кеген – Түп тас жолының 58-63 шақырымында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйыммен арадағы шарт бұзылды.

Жаңа мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер басталды. Мердігер 2022 жылғы тамыздың 20-сында анықталатын болады, содан кейін құрылыс жұмыстары қайта басталады. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева

Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жол грейдермен тегістеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін