Азаптау: қырғыз музыканты Викрам Рузахунов ісі туралы жаңа мәліметтер айтылды

Қазақстанның Бас прокуратурасы қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың елге келуі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 ақпаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы – «Бір топ адам жасаған азаптаулар» негізінде Викрам Рузахуновты азаптау фактісі бойынша облыстың белгісіз құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп келеді.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Ведомствоның мәліметінше, 19 ақпанда Рузахунов жәбірленуші деп танылған.

Бұл іс бойынша Алматы қаласының және Алматы облысының полиция қызметкерлерінен, ҰҚК ШҚ және медицина қызметкерлерінен жауап алынды.

Бірнеше себепке байланысты күдіктілер шеңберін анықтау мүмкін емес (бейне жазбалар, келушілер мен жеткізілген адамдарды тіркеу журналдары жоқ, барлық қызметкерлер медициналық бетперде киіп алған). Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қадағалаушы орган облыстық полиция департаментінен Рузахуновпен болған оқиғаға қатысы бар барлық қызметкердің фотосуреті сұралғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету арқылы оның Қазақстанға келуі жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда және ол Алматы облысы прокуратурасының бақылауында.

Еске салайық, қаңтар айының басында қырғыз музыканты Викрам Рузахунов жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталған еді. Кейін шеруге қатысу фактісі анықталмағандықтан, ол босатылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: