Азаматша Цой О.Н. ойын мекемесінің қызметін ұйымдастырған. Заңда белгіленген орындардан тыс жерде құмар ойындарын жүргізген. Цой букмекерлік кеңсенің атынан бөлме жалдаған. 9 компьютер сатып алып, оларды интернетке қосқан.
Сараптама қорытындысы бойынша орнатылған бағдарламалар арқылы онлайн ойын сайттарын іске қосуға болады. Сонымен қатар ұйымдастырушы үш адамды қызмет көрсетуші ретінде жұмысқа алған.ҚР Қаржы мониторингі агенттігі
Екінші сотталушы Қ.Наурызбаев пәтер жалдап тұрған. Ер адам «электрондық рулетка» арнайы ойын жабдығын орнатқан. Төрт адамды кассир және күзетші етіп жұмысқа алған.
Екі айыпталушыға айыппұлды төлеуге бір ай мерзім берілді. Жалтарған жағдайда өтемақы еріксіз жүзеге асырылады.