Бұл туралы ақпарат МӨЗ сайтында жарияланды.
Құрметті қала тұрғындары! Атырау мұнай өңдеу зауыты алауының жануын түсіндіреміз. «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, осыған байланысты бүкіл зауыттың авариялық тоқтауы орын алды. Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. Айта кетерлігі, «KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақаулықтарды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.
"Мой город" порталы хабарлағандай, қаланың бірнеше ауданында жағымсыз иіс сезілген. Жергілікті тұрғындар тамағының ашып, жыбырлауына шағымдануда.
17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, оның барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алған болатын.
Оның айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталғанына қарамастан, кәсіпорын іркіліспен жұмыс істеп келеді. Салдарынан біз мұнай өнімдерінің барлық түрлерін, соның ішінде сұйытылған газ өндірісінің де көлемін азайтуға мәжбүрміз. Бұл жанар-жағармай құю станцияларында тапшылық пен бағаның өсуіне әкеліп соқты. Бұл жағдай белгілі бір әлеуметтік шиеленіске алып келді.