Алматыда ер адам қала тұрғындарын 2 млн теңгеге алдап кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматыда ер адам « Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын» деп, алматылықтарды екі миллион теңгеге алдап кеткен. Ол қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы ер адамның әрекеті дәл осылай квалификацияланды.

Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелгенін мәлімдеді.

Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті елді интернет-ресурс арқылы алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмек көрсетілетінін жайлы жалған хабарландырулар жариялаған. Ақшаны алғаннан кейін ол жасырынып қалған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды.Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов

Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қамауға алынды.

Сурет: Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тергеу қажеттігін ескере отырып, полиция күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: +7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті