Тәулігіне 40-тан астам жол ережесін бұзу фактісі: Алматыда самокат пен мопед айдайтындарға айыппұл салынады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда мопедтер мен электрсамокаттар cыналып жатыр. Бір тәулікте 40-тан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 615-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге мопед тізгіндеген екі жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Алматы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков

Оның айтуынша, биыл 6 айда қалада мопедтер мен электрсамокаттарға қатысты 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 81 адам зардап шексе, тағы бір адам қаза тапты. Самокат пен мопедтердегі балалардың қатысуымен 21 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 23 бала зардап шекті.

ҚР жол қозғалысы ережесіне сай мопедті 16 жастан бастап жүргізуге болады.

Мопедтерді велосипед жолы бойынша, ал олар болмаған жағдайда жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен, оның ішінде маршрутқа арналған жолақ бойымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз