Қапшағай су қоймасында қараңғыда ер адам бірнеше сағатқа жалғыз қалып кеткен

Сурет: pixabay
28 шілдеде Қонаев қаласында оқыс оқиға орын алды. Адам жоғалғаны туралы ақпарат облыстық ТЖД-ның кезекші бөліміне сағат 22:00-де келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қапшағай су қоймасына демалуға келген 1988 жылғы ер адам сағат 19:00 шамасында скутермен су айдынына шығып, содан қайта оралмағаны айтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құтқарушылар іздестіру жұмысына кірісіп, сағат 23:00-ден кейін жағалаудан 800 метр қашықтықтан жоғалған адамды тапты.

Ол суда болған, үстіне құтқару күртешесін киген.

Скутер қозғалтқышының аяқ-асты сөніп қалғаны белгілі болды. Ер адам оны сүйреуге тырысқанымен, онысынан түк шықпаған, ақырында скутер су бетінде өз бетімен қалықтап бере берген. Жанталас кезінде ер адам өзінің қай жақтан келгенін шатастырып, жағалауды таппай қалған.

34 жастағы ер адам жағаға жеткізілді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оған судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықты түсіндірді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды