Ұзынағаштағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Сурет: pexels
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Дәрігерлер жаралылардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 4 тамызда Ұзынағаштағы Жамбыл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне оқ жарақатымен екі адам түскен.

Олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жарақатқа байланысты науқастардың жалпы жағдайы ауыр. Науқастар барлық қажет тексеруден өтті, шұғыл көмек көрсетілді.Алматы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Еске салсақ, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға үш жергілікті тұрғын жеткізіліп, біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. «Ұстау» жоспары жарияланды. Облыстық полиция қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алдын ала анықталғандай, қару қолдану оқиғасы бір топ жергілікті тұрғындар арасында араздық қарым-қатынас салдарынан болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді