«Шырпымен ойнаған». Ақмола облысында өрттен кейін ауруханаға түскен екі қыз көз жұмды

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында жеке тұрғын үйде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2019 және 2017 жылғы екі бала үйде жалғыз қалып, сіріңкемен ойнаған, соның салдарынан жиһазға от тиген. Көрші түтінді байқап, жүгіріп келіп терезені сындырып, ішке кіріп балаларды таза ауаға алып шықты. Одан кейін өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде келді. Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Улы газға уланған қыздар Қима ауылдық ауруханасына жеткізілді, алайда олар есінен жимастан сол арада көз жұмды.

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болғаны белгілі болды, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы.

Оқиға орнына Жақсы ауданының №13-ӨСБ жанындағы Жаңа Қима ауылының 28-ші өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері мен бір техника жұмыс істеді.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан жас балаларын жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты