Түркістан облысында әйелін аяусыз ұрып өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында әйелін төрт баласының көзінше ұрып өлтірген қылмыскер 17 жылға сотталды. Ордабасы ауданының тұрғыны 15 жыл отасқан жарының аузына арақ құйып, қарсыласқан кезде төрт баласының көзінше тепкілеп өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасынан айырған әкесіне сот үкім шығарған кезде кәмелетке толмаған балалары сот залында төбесін де көрсетпеді. 43 жастағы Әбибулла Мамешовтің мұндай жауыздыққа баруына ішкілікке салынғаны және қызғаныш себеп болған, деп мәлімдеді КТК.

Ол әйелін бала-шағасының көзінше талай рет соққыға жыққан. Соңғы рет сәуір айында үйіне келе сала, 38 жастағы әйелі Үкіләй Сартаеваның басынан шөлмекпен ұрып, үстіне секіріп, қабырғасын сындырған, өлімші етіп сабаған.

Мамешов Әбибулла Хайруллаевич ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленіп, қолданылған күзетпен бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, жазасын өтеу мерзімі 29-сәуір, 2022 жылдан бастап есептелсін.Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов

Жауыздығы үшін 17 жылға кесілген ол жазасымен келіспейтінін жеткізді. Өз кезегінде жәбірленушілер де кемі 25 жылға сотталсын деп апелляциялық шағым түсірмек.

Ал төрт бала ата-әжесінің қолында қалатын болды. Олардың үлкені 15-те, кенжесі 8 жаста.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған