Алматы облысында иттерді қағып кетуден қашқан жүргізуші апатқа ұшырап, қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы жағдай Жетіген ауылынан Нұра ауылына қарай шыға берісте болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала болжам бойынша, жолға иттер шығып кеткен. Жүргізуші иттерді қағып кетпеу үшін шетке қарай күрт бұрылғанда, рөлге ие бола алмай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Toyota Camry қарсы бағыт жолағы арқылы айналып барып, жыраға түсіп кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Бар жылдамдықпен ағашқа соғылды.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші қатты соққы алды.

Ер адам жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оның денесін көліктен облыстың құтқару қызметі шығарды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясы мен анықтаушы жұмыс істеп жатыр.

Сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы