Кентаудың экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Сурет: ontustik.gov.kz
Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарады, ол қанағаттандырусыз қалдырылды, үкім заңды күшіне енді.

Махажанов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Еске сала кетейік, сотталушы Дәурен Махажанов лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, ЖШС директорын оған меценаттық қызметке мемлекеттік-жекеменшік кәсіпорын шартынан 50 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге мәжбүрлеген. Одан кейін заңсыз сыйақы алу ісіне танысы Б. және Т.-ны тартқан. Олар ақша алу кезінде ұсталған.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының экс-әкімінің кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын екенін айтқан еді.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жұмыстан шығуы туралы өтініші соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда