Жетісайда базар өртенді

Сурет: gov.kz
Жетісайдағы базарда алапат өрт шығып, жалын 900 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиғаның себептерін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы "Күлпаршын" базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомство желден өртті сөндіру қиын болғанын хабарлады.

Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдіктің хабарлауынша, комиссия зардап шеккендердің санын есептеп, материалдық залалды бағалайды.

Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Мәселе бақылауға алынды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды