Орал қаласы маңында ірі қоқыс алаңы өртеніп жатыр

Белгісіз біреулер түрлі-түсті металл алу үшін кабельдерді өртеген. Лапылдаған өрт Асан кентінің аумағындағы қоқыс полигонына ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындар улы түтіннің иісіне байланысты үйлерінің терезелерін жауып отыруға мәжбүр екендіктерін айтады, деп хабарлайды "Мой город".

Түнде улы қою түтін қаланы бөгіп қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қолқаны қапқан жағымсыз иіс түн ортасында қатты сезілген. Белгілі болғандай, ірі көлемдегі қалдықтарға арналған Асан кенті ауданындағы қоқыс полигонында өрт шыққан.

Орал әкімдігі мәліметінше, 27 тамызда сағат 18:25-те өрт сөндіру қызметіне шақырту түскен.

Ресми нұсқа бойынша, белгісіз біреулер түрлі-түсті металды алу үшін кабельдерді өртеген, от "Жайық Таза қала" ЖШС карьерінің аумағына да тарап, құрғақ шөптер мен бұталар лапылдай жанып, шамамен 1 гектар алаңды алатын қоқыс алаңына да ұласқан, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Орал қалалық әкімдігі

Өрт орнында өрт сөндіру қызметінің үш техникасы мен 12 адамы," Жайық Таза қала" ЖШС-нің 19 қызметкері мен 34 техникасы және ТЖ Басқармасының бес техникасы жұмыс істеп жатыр.

Өрт әлі толықтай ауыздықталған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: