Алматыда "Саудакент" базары өртенді

Сурет: Zakon.kz
Өрт сағат 02.39-да оқшауланып, 02.44-те толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 тамызда Алматыда "Саудакент" базары өртенді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:09 шамасында өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен шақырту орнына аттанды.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 6 минутта келіп жеткенде, базар аумағындағы 260 шаршы метр алаңды алған бір қабатты дәмхана өртеніп жатқаны анықталды. Қызыл жалынның жақын маңдағы құрылыс нысандарына ұласу қаупі туындады. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Атқарыған шаралар нәтижесінде көрші орналасқан құрылыс нысандарына оттың таралуына жол берілмеді. Жалын сағат 02.39-да оқшауланып, 02.44-те толықтай сөндірілді.

Жалынды сөндіруге 16 техника мен жеке құрамнан 47 адам жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты