Шымкенттік полицейлер қару-жарақ жасырылған екі орынды анықтады

Сурет: polisia.kz
Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматын, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтығын, “Бенелли” аңшылық мылтығын, “Штурм” полиция қалқанын және дене бронды жилет, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сурет: polisia.kz

Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті