Қандай уақытта өмір сүріп жатырмыз? Балалар үйінің тәрбиеленушілерін кез келген адамның қамқорлығына бере сала ма? Бұл балалардың асыраушысына мемлекет ақша төлейді. Ал оларды ешкім тексермейді! Бұл балаларды ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлейді, - деп жазды автор видеоның сипаттамасында.
Ол сонымен қатар балалар 18 жасқа тола салысымен мемлекет асыраушысына жәрдемақы төлеуді тоқтататынын айтады.
Осыдан кейін балаларды үйден қуып жібереді. Сосын тағы да балалар үйінен 3-4 баланы алып кетеді. Неліктен балалардан "Осы отбасында тұрғың келе ме?" деп сұрамайды? – деп жазылған видеоны жариялаған парақшада.
Облыстық полиция видеоға жауап беріп, 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерзімді түрде ұрып-соғу фактілері туралы ақпарат түскенін түсіндірді.
Алынған дабыл бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер уақытша "Солнышко" балалар үйіне ауыстырылды.Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі
Бөлімде көрсетілген ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген іс жүзінде жиналған материал соттың қарауына жіберілді.
Балаларды одан әрі қамқорлыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі