Нұр-Сұлтанда әйел адам бесік арбамен жүріп, футбол алаңдарынан телефон ұрлаған

Сурет: Zakon.kz
Ерлі-зайыптылар Нұр-Сұлтандағы футбол алаңдарынан смартфондар ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер "ұрлық жасады" деген күдікпен 28 жастағы елордалық азаматшаны ұстады.

Ерлі-зайыптылар ұрлық кезінде 2 айлық баламен жүргені анықталды. Күйеуі балалар арбасымен жақын маңда серуендеп, басқалардың назарын аударып жүргенде, әйелі жасөспірімдер футбол ойнап жүрген алаңда ұрлық жасаған.

Кешкі уақытта Айманов көшесіндегі үйдің ауласында күдікті әйел 10 жасар баланың Samsung A12 телефонын ұрлап кеткен. Бала ұялы телефонды заттарының үстіне қойып, футбол ойнауға кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Осыған ұқсас тәсілмен күдікті кәмелетке толмағандардан үш ұялы телефон ұрлаған. Ұрланған гаджеттерді әйел сатып алушыларға сатқан.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды