Ақмола облысында жоғалып кеткен ресейлік әйел табылды

Сурет: Ақмола медиа орталығы
Омбыдан Бурабайға демалуға келген әйелді құтқарушылар, еріктілер мен полицейлер бір тәулік бойы іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 тамыз күні Ресей Федерациясының 1986 жылы туылған азаматшасы "Альтаир" қонақ үйінде демалғандығы және де сағат 23:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені хабарланған.

"Дабыл" сигналы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 43 адам тартылды: 16 адам Ақмола облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Щучинск қ. жасағының қызметкерлері, 3 техника, Бурабай ауданы ТЖБ екі қызметкері, полиция бөлімінен 10 қызметкер, еріктілер ұйымынан 6 адам, кинолог, 2 қызметкер және іздестіру-құтқару иті.

Әйелді 1 қыркүйек күні Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері тапты. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады