Павлодар облысында балалар мінген шағын автобус аударылып, екі бала қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында микроавтобус тас жол бойындағы шұңқырға түсіп кетті. Екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Минивэн көлігі 19 қыркүйек күні сағат 00:29 шамасында Қалқаман ауылының маңындағы арыққа түсіп кеткен. Ірі апатқа үш жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Әуелі Қалқаман ауылынан жедел жәрдем бригадасы келіп, науқастарды тексерді.

Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі бала көз жұмды, тағы тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.

6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенше қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді.Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі

Балалар облыстық балалар ауруханасына, ересектер Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Шұңқырға құлаған микроавтобус Астанадан Өскеменге бет алған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз