Қырғызстан шекарасында зардап шеккендер саны 163 адамға жетті

Сурет: pixabay
Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі 19 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауруханаға түскен зардап шеккендердің жалпы саны 163 адам екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Баткен облысының денсаулық сақтау ұйымына 19 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінсе, оның 12-сі амбулаторлық ем алуға жіберілді. 144 адам стационарда ем алуын жалғастырып жатыр, 19 адам амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.

Барлық зардап шеккендерге қажет медицина көмегі көрсетілді. Қан компоненттері, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар жеткілікті мөлшерде бар.Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі

Баткен облысындағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны - 59 адам.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 35 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алғанын хабарлады.

17 қыркүйек күні таңертең Қырғызстанның Баткен облысында оқ атылып, кейін төтенше жағдай режимі енгізілген.

Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан Демократиялық партиясының басшысы Сайджафар Усмонзода 20 қыркүйекті ұлттық аза тұту күні деп жариялауға шақырды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы