Қонаев қаласында екі бірдей зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Қонаев қаласында полицейлер екі бірдей зорлау дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен масаң күйде болғанын айтты.

Полицияға екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдер бейтаныс ер адам шабуылдағаны жайында хабарлады.

Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды