20 тонна сыраны Қазақстаннан заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
"Найза" шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы көлемі 20 тонна болатын "сыра" алкоголь өнімі бар автокөлік 15 қыркүйек күні анықталды.

Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмағаны анықталды. Бұл "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылық болып саналады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл дерекке байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Успен аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз