Қытаймен шекарада тексеруден кейін 107 млрд теңгеден астам төлемдер қосымша есептелді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, осы жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізді.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 59,5 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды. Оның ішінде, ерікті түрде төленгені - 56,9 млрд теңге, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының нәтижесінде өндірілгені - 2,5 млрд теңге.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті экономикалық операторларға және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша ортақ міндет атқаратын кеден өкілдеріне қатысты берешекті өндіріп алу шараларын қабылдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды