ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі болып жатқанын растады

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты төрт бекетте кептеліс байқалды. Ахуал ерекше бақылауда.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Кеден қызметі Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алатынын атап өтті.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз