Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік апаты болды

Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасыТөле би көшесінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқиғаға қатысушылардың бірінің айтуынша, №65 бағыттағы автобус Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Оның алдынан Kia Sportage, Kia Optima және "Газель "маркалы көліктер кетіп бара жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізушілердің бірі белгісіз себептермен автобус ортаға қыстырылып кірмекші болған. Автобус жүргізушісі алдында көліктер кептелісте тұрғанын кеш байқаған

Автобус жүргізушісі Kia Sportage көлігінің артқы қанатын соғып, жолаушылар көлігінің айнасын сындырған. Осыдан кейін Kia Optima-ны соққан, көлік қатты соққыдан жолдан шығып кеткен. Kia Optima екпінмен жүргізушісі жол жиегіне шығып, арықтың үстіне бір-ақ тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz

Одан әрі автобус "Газель" көлігін соққан. "Газель" жол жиегіне шығып кетті.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келіп, апатқа ұшырағандарды тексерді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Біраз уақыттан кейін ғана автобус жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Ол ұйіне жеткенде өзін нашар сезінген.

Автобус жүргізушісі мән-жайды түсіндіре алмады. Жол апатынан ол есеңгіреп қалды.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады