Бекмырза Игенбердиев "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
"Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Қалалық ведомство бұған тергеу шараларының жүргізілуі себеп болғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқандықтан, Бекмырза Игенбердиев "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатылды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазнетте 27 қыркүйекте Алматының Антикор қызметкерлері Бекмырза Игенбердиновті 160 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұстағаны туралы ақпарат тараған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды