Ақтөбеде мектеп оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау ісі тергеліп жатыр

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде мектеп оқушыларын сынақ мантусыз БЦЖ вакцинасымен қайта егу фактісіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №74 мектепте туберкулиндік диагноз қойылған 1-сыныптағы балаларға манту сынамасынсыз БЦЖ вакцинасымен қайта егу фактісі анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы фактіден кейін жеке емхананың дәрігері мен медбикесі жұмыстан шеттетілген.

Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар педиатрлардың бақылауында.

Осы оқиға бойынша комиссия құрылып, оның құрамына Денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық фармацевтикалық бақылау министрлігінің тиісті комитеттерінің басшылары мен арнайы мамандар кірді.

Комиссия тексеру жүргізіп, қорытынды шыққан соң болған жайды бағалайды

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз