Ақтөбеде жүргізуші екі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен

Сурет: Zakon.kz
Зардап шеккен 8 және 9 жастағы балалар Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 21:40 шамасында болған. Жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

ВАЗ 2121 жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылының бойымен келе жатып, балаларды қағып, кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiрiп, жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полицейлер күдіктіні анықтады. Қылмыстық істі Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов жеке бақылауына алды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты