Риддерде құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ға  "Мохнатые лапки" қоғамының волонтері көмекке жүгінді. Ол Семипалатинск көшесіндегі құдыққа ит түсіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

МӨСШ-1 қызметкерлері оқиға орнына келіп жетіп, арнайы құралдың көмегімен құдыққа түсіп, жануарды аман-есен алып шықты.

Белгілі болғандай, Рыжая есімді ит иесінен қашып, оқыс жағдайға тап болған. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде төрт аяқты жануарларды құтқару оңайға түспейтінін, әрқайсысына әртүрлі бап қажет екенін атап өтті. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, құтқарушылар адамдардан ит пен өзге де үй жануарларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек