Ақтөбе облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен бозбала табылды

Сурет: Zakon.kz
7 қазанда сағат 19:49-да Мартөк аудандық 15-ӨСБ-нің қашықтан басқару пультіне 18 жасар жігіт сағат 14:30-да мотоциклмен мал іздеуге шығып, содан үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің үш қызметкері, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің 10 адамы және 5 техника, 10 ерікті, жергілікті атқарушы органның 5 өкілі және 35 жергілікті тұрғын шұғыл түрде жолға шықты.

Іздеу шарасы күннің қараңғы болуына байланысты сағат 23:45-те тоқтатылып, таңғы 8:30-да қайта жалғасты. Іздеу жұмыстарын жүргізу барысында 8 қазанда сағат 10:05-те дронның көмегімен Мәртөк ауылынан 10 шақырым қашықтықтағы Жаңатаң ауылы маңындағы теміржолға қарама-қарсы орман аумағынан жоғалған азамат табылды. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жігіт есін біледі, бірақ іші қатты ауырғандықтан орнынан қозғала алмаған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды