Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті

Сурет: polisia.kz
14 қазанда Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Алматы облысы ІІД мен полиция департаментінің қызметкерлері қашқынды ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып жатыр.

Аталған факті бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр (ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы «Ұстау орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу»).

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ішкі аудит жүргізді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеп-тексеру мәліметтері мен басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

13 қазанда әлеуметтік желілерде Алматыдағы уақытша ұстау изоляторының аумағынан қашып кеткен екі адамды іздестіру туралы нұсқау тарады. Полицейлер арнайы операция кезінде қашқындардың бірден дерлік ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз