Ішкі істер министрлігі агрессор адамның портретін құрастырды

18 қазанда үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көп жағдайда отбасыда ер адамдар агрессор ретінде әрекет ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, құқық бұзушының портреті туралы айтсақ, 80% жағдайда ер адамдар құқық бұзушы болып келеді.

Ондай ер адамдар 30 бен 50 жас аралығында (52%). Тұрақты жұмысы (74%) және кәсіптік не жоғары білімі жоқ (90%). Сәйкесінше, зардап шеккендер негізінен - әйелдер, 78%.Марат Ахметжанов

Министр "агрессорға" көбіне материалдық және психологиялық жағынан әйелдер тәуелді болатынын айтты. Олар жылдар бойы қорлық пен зорлыққа шыдайды. Бұдан балалар зардап шегеді. Олар зорлық-зомбылық көрінісіне куә болады.

Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға жауап беру үшін шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері төбелескендерге қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде 10 мыңнан астам адам сот шешімімен қамауға алынып, 8,5 мыңына ескерту жасалды, 675-іне айыппұл салынды.Марат Ахметжанов

Зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау ордері шығарылды.

Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша соттар құқық бұзушыларға 10 мың ерекше талап қойды. Оның ішінде алкогольді ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу бар. Олардың барлығы профилактикалық есепке алынған.Марат Ахметжанов

Министр белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 7500 "отбасылық тиран" әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

2022 жылдың 3 қыркүйегінде Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа шараларын жариялады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: