Алматыда көлік аударылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 26 қазанда жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Nexia көлігі аударылып қалды. Оқиға Жандосов пен Дәулетов көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Жандосов көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Дәулетов көшесіне бұрылғысы келген көліктің саңылауда тұрғанын кеш байқап, алдыңғы көлікпен соқтығысудан сақтануға тырысып, бүйіріне күрт бұрылған. Салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалды. Осылайша Мерседес қарсы жолаққа шығып кеткен, Daewoo Nexia көлігі сол жаққа қарай кетіп бара жатқан. Екі көлік соқтығысып, Nexia аударылып қалды.

Жол апатынан екі жүргізуші де жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз