Жанболат Мамай ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Facebook/Инга Иманбай
Бостандық ауданының №2 аудандық соты тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай ісі бойынша бірінші сот отырысы 7 қараша күні сағат 15:00-ге тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа Жанболат Мамайға қатысты заңсыз митингі ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік қызметшілерге тіл тигізу, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін төндіретін және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату баптары (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі, 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы, 400-бабы) бойынша қылмыстық іс түсті.

Сот қаулысымен істі қарау мерзімінде сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алудан үйқамаққа ауыстырылды. Қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданды. Бірінші сот отырысы 7 қараша сағат 15:00-ге белгіленді, – делінген хабарламада.

Ақпан айының соңында Мамай қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу акциясын ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Әкімшілік қамауға алынғаннан кейін ол ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – көрінеу жалған ақпарат тарату және мемлекеттік қызметкерлерді балағаттау бойынша күдікті ретінде танылғандықтан, босатылған жоқ.

Маусым айында оған "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" және "жалған ақпарат таратты" деген қосымша айыптар тағылды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды