Кішкентай баласын көшеге тастап кеткен әйел полицияға өз аяғымен барды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде баласын көшеге тастап кеткен ана табылды. Ол полицияға өз аяғымен барған. Әйел баласын жақын таныс емес біреуге қалдырып, жұмыс орнына жалақы алуға кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолай бөтелкелес танысын кездестірген ол соған еріп кете барған.

43 жастағы әйелдің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша хаттама толтырылды, делінген хабарламада.

3 қарашада сағат 11.00 шамасында белгісіз әйел баласын Нариманов көшесіндегі үйдің тұрғындарына "бірнеше минутқа" қалдырып кеткен. Ол дүкенге баратынын айтып, қайта оралмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды