Президент "АрселорМиттал Теміртаудағы" апат туралы: Қатаң шаралар қабылдау керек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қарашада Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнындағы апаттарды сөз етіп, қатаң шара қабылдау керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жетті.

Оның айтуынша, бұл – биыл адам өліміне алып келген екінші қайғылы оқиға. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапты.

Мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отыр. Осыған орай жедел түрде қатаң шаралар қабылдауға тура келеді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек екенін, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс екенін айтты.

Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды. Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: