Түркістан облысында жүргізушіден 20 келіден астам марихуана тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері Subaru көлігін тоқтатып, жүргізушіден 20 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік Түлкібас ауданындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында тоқтатылды. Ұстауды Түркістан облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түлкібас аудандық полиция бөлімі және патрульдік полиция батальонының полицейлерімен бірлесіп жүргізді.

Тінту кезінде тергеушілер жүк салғышынан өсімдік тектес 4 пакет пен темекі қорабын тапты. Шетелдік көліктің жүргізушісі күдікті бұрын сотталған Түлкібаc ауданының тұрғыны болып шықты. Күдіктіден алынған заттай айғақ сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, есірткі заты ө жалпы салмағы 20 келіден асатын кептірілген марихуана.Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз