Сайлау күніне жоспарланған бүлік: ҰҚК арнайы операциясының эксклюзивті видеосы

Сурет: Zakon.kz
17 қарашада ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында 20 қараша – сайлау күні бүлік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, күдіктілер Алматы мен басқа да қалаларды басып алуды жоспарлаған. Ал Астанада олар президент резиденциясына басып кіріп, үкіметті құлатып, уақытша үкімет тағайындауды көздеген.

Бұл мақсатта қылмыстық топ тәртіп сақшыларына қарсы қару, молотов коктейльдерін қолданбақ болған.

Арнайы операция барысында ҰҚК қызметкерлері түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, сондай-ақ жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелерді лақтыруға арналған құрылғыларды тәркіледі.

Zakon.kz сайты топ мүшелерінің ұсталған сәтіндегі және тәркіленген заттай айғақтардың эксклюзивті видеосын ұсынады.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды