"Қазақмыс" кенішінің аумағында ер адамның мәйіті табылды

Сурет: pixabay
17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы шахтасының аумағынан зорлықпен өлім белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жомарт кеніші Жезқазған қаласынан 300 шақырым жерде. Аумаққа кіруге тек жұмысшылардың рұқсаты бар.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша ТЖД тіркелді.

Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

6 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасының аумағынан департамент бөлімшелерінің бірінің қызметкерінің мәйіті табылды.

25 маусымда Бестөбе кенішіндегі шахтадан ер адамның денесі табылды. Бұл заңсыз жұмыс істейтін үш кеншілердің бірі болып шықты. Шілденің 22-сі күні сол шахтадан заңсыз кен өндірушінің мүрдесі табылды. Мәйітті ұйықтайтын қапшыққа орап, жарылғыш вагонға салып, шахта оқпанының қасында қалдырған. Оны шахта жұмысшылары тауып алып, жер бетіне шығарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік